Кульбарам Шаймерденовна
- Дата рождения:
- 18.02.1945
- Дата смерти:
- 18.02.2022
- Похоронен:
- 20.02.2022
- Национальность:
- казах
- Кладбище:
- Указать кладбище
Аса аяулы жан еді!
Көзден кетсең де, көңілден кетпейсің!
Адал жар, аяулы ана, немерелерінің әжесі Кулбарам Шаймерденқызының бұл дүниеден озғанына 1-жыл болып қалыпты-ау... Сағынышпен жүрегіміз сыздап, көңіліміз алабұртып, мәңгі ұмытылмас бейнеңді, көз алдымызда елестетеміз.
Тағдырға не шара, Кулбарам Шаймерден қызы 18.02.1945 ж. Жолымбетте туып, 18.02.2022 ж. 77 жасында топырағы Ерейментаудан бұйырды.
Кулбарам ер жетіп, білім алғасын Ахметов Садыққа қосылып, Төлебай ағай мен Сания жеңгейдің қолына келін болып түседі. Жан жолдасы Садықтан өмірге Руслан, Аман, Бейбіт атты ұрпақтар келеді. Екеуінен 3 немере көреді. Садық 43 жасында дүниеден озады. Садық марқұм қайтқаннан кейін Кулбарам әке де өзі, шеше де өзі болып балаларды ер жеткізіп, оқытып өсірді. Садықтың шаңырағын шайқалтқан жоқ. Садықтан кейін балалары Руслан мен Аман да дүниеден озды. Бар арманы кенжесі Бейбіттің қызығын көре алмай кетті. Көргенінен көрмегені көп еді. Кулбарамның жүрегі мейірімге толы, адамгершілігі жоғары жан еді. Жан дүниесі сондай бай, көреген.
Байсалды, жаны жайсаң, ақ көніл, кейінгіге үлкен үлгі болатын жан еді.
Марқұмның жаны жәннәтта, тәні рахатта болсын!
Оқыған дұғалары қабыл болсын!
Еске алушы: Исабаевтар әулеті, досы Камбалова Дамет.
Нет привязок к месту
Не указано событие